БАПКЕР.KZ
Футбол. Қазақша.
Telegram
← Басты бет
Жаңалық 29 шілде 2026

«Челси» 35 жастағы Уэлбекке медициналық тексеруден өтуге рұқсат берді

Лондондық «Челси» брайтондық шабуылшы Дэнни Уэлбекті сатып алуға жақындады: 35 жастағы футболшы медициналық тексеруден өтуге рұқсат алды.

Уэлбектің «Брайтонмен» келісімшартының мерзімі бір жылға қалды. Өткен маусымда ол Премьер-лигада 13 гол соқса, оның алдындағы науқанда 10 доп енгізген болатын.

Бұл трансфер «Челси» үшін ерекше саналады: клуб соңғы екі жылда бірде-бір матчта 30 жастан асқан ойыншыны алаңға шығарған жоқ. Ал 26 жастан асқан футболшы үшін соңғы рет 2022 жылы ақша төлеп трансфер жасалған — сол кезде «Барселонадан» Пьер-Эмерик Обамеянг сатып алынған еді.

Тағы оқыңыз
«Челси» Уэлбектің дебюттік голымен «Лутонды» жеңді

Еске салайық, «Челси» бұған дейін «Брайтоннан» Жоау Педру, Мойзес Кайседо, Марк Кукурелья және Роберт Санчесті сатып алған, ал Пол Уинстанли мен Сэм Джуэлл сол клубтан спорттық директор қызметіне ауысқан. Сонымен қатар «Челси» «Астон Виллдан» Морган Роджерсті 117 миллион фунтқа сатып алса, қазір «Кристал Пэластан» Максенс Лакруаны алуға да жақындап қалды.

Тағы оқыңыз

«Челси» Уэлбекке қызығушылық танытты: «Брайтонмен» алдын ала келіссөз өтті
«Челси» Уэлбекке қызығушылық танытып отыр
«Челси» Уэлбектің дебюттік голымен «Лутонды» жеңді
БӨЛІСУ:WhatsAppTelegram
Қазақ футболының бас жаңалықтары бірінші бізде. Қосылыңыз:
TelegramInstagram
Дереккөздер: www.skysports.com