БАПКЕР.KZ
Футбол. Қазақша.
Telegram
← Басты бет
Жаңалық 28 шілде 2026

«Рейнджерс» Макиннеске салынған тыйымға наразылық білдірді

55 жастағы бапкер Дерек Макиннеске Шотландия футбол қауымдастығы (SFA) төрт матчқа ойнатпау жазасын қолданды, бірақ глазголық «Рейнджерс» бұл шешімге шағым түсіруге бел буды.

Жаза Макиннеске мамыр айында, ол әлі «Хартс» бапкері болған кезде айтқан сөзі үшін тағылды. Ол кезде Макиннес «Мотеруэллмен» кездесуінде «Селтикке» берілген 11 метрлік айып добы туралы шешімді «жиіркенішті» деп бағалаған. Соның салдарынан оның SFA-ның тәртіптік 72-ережесін бұзғаны танылды.

Төрт матчтық тыйымның үшеуі міндетті, ал біреуі маусым аяқталғанға дейін кейінге қалдырылған.

Тағы оқыңыз
«Рейнджерс» Еуропа лигасымен ерте қоштасты, жанкүйерлер команданы айыптады

«Мен қатты ренжідім, жаза кінәға сай емес деп ойлаймын», — деді Макиннес.

«Рейнджерс» клубы да бапкерін қолдап шықты: «Деректің матч тағдырын шешкен сол шешім туралы пікірін төрешілердің біліктілігіне не адалдығына шабуыл деп есептемейміз. Оның сөзі нақты шешімге қатысты айтылған, төрешілерге жалпы сын емес», — делінген клуб мәлімдемесінде.

Шағым сейсенбі не сәрсенбі күні, әйтеуір жұма күнге дейін тапсырылатыны айтылады. Апелляция қаралғанға дейін Макиннес командасын бапкерлер алаңынан басқаруға құқылы.

«Рейнджерс» жаңа маусымды жұма күні кешке «Данди Юнайтедпен» сыртта өтетін матчпен ашады.

Тағы оқыңыз

«Рейнджерс» Еуропа лигасымен ерте қоштасты, жанкүйерлер команданы айыптады
Макиннес: «Рейнджерс» сегізінші жаңа легионерге жақын
Дерек Макиннес «Рейнджерс» бапкері ретінде тұсауын кесті
БӨЛІСУ:WhatsAppTelegram
Видео, рилстер және матч шолулары — осында:
TelegramInstagram
Дереккөздер: www.skysports.com