Сұхбат 28 шілде 2026
Алонсо: Сәтпаев — ерекше ойыншы
Лондондық «Челси» бас бапкері Хаби Алонсо қазақстандық шабуылшы Дастан Сәтпаевқа жоғары баға берді.
«Дастанды өткен жылдан, Алматы кезінен білемін. Ол — ерекше ойыншы, бұл көрініп тұр. Қарсылас қақпасына қатер төндіреді, флангтан ортаға ауысып, орталық шабуылшы маңындағы кеңістікке өте жақсы шығады. Ол үшін бұл клубтағы алғашқы тәжірибе және өзін жақсы көрсетіп жүр», — деді Алонсо.
Бапкердің сөзінше, Сәтпаев дене бітімі жағынан да ерекшеленеді.
Тағы оқыңыз
Алонсо мойындады: Кайседоны ертерек ойынға қосуым қате болды
«Ол өте күшті және өте жылдам. Оған шынымен таң қаласыз!» — деді Алонсо.
Тағы оқыңыз
Дереккөздер: t.me


