Трансфер 27 шілде 2026
«Интер» Джон Стоунсты еркін мәртебеде алғысы келеді
Италиялық «Интер» ағылшын қорғаушысы Джон Стоунсты еркін трансфер мәртебесінде тартуға тырысып отыр. 32 жастағы футболшыға «Ювентус», «Арсенал» және «Челси» де қызығушылық танытып отыр.
Дереккөздер мәліметінше, «Ювентус» өкілдері демалыс күндері Стоунстың лагерімен байланысқа шыққан. Ағылшын қорғаушысының өзі де шетелге ауысу мүмкіндігін қарастыруға дайын.
Тағы оқыңыз
Стоунс еркін трансфермен «Интерге» ауысуға келісті
«Интер» бапкері Кристиан Чиву қорғаныс желісін нығайту үшін «Тоттенхэм» капитаны Кристиан Ромероны да басты нысанаға алып отыр. Егер Бенжамен Павар клубтан кетсе, «Интер» бір мезгілде әрі Ромероны, әрі Стоунсты тартуы мүмкін.
Тағы оқыңыз
Дереккөздер: www.skysports.com


