БАПКЕР.KZ
Футбол. Қазақша.
Telegram
← Басты бет
Әлем футболы 27 шілде 2026

ФИФА «Ахматқа» трансфер тыйымын салды — қазақстандық шабуылшылар назарда

Қазақстан құрамасының шабуылшылары Максим Самородов пен Ғалымжан Кенжебес ойнайтын ресейлік «Ахмат» клубына ФИФА жаңа ойыншы тіркеуге тыйым салды.

Клубтың вице-президенті әрі бас директоры Ахмед Айдамиров бұл шешімге қарсы Спорттық арбитраж сотына (CAS) жүгінген.

«Жағдай шынымен де күрделі. Жұма күні біз барлық құжатты тапсырдық. Ресей футбол одағы ФИФА-мен байланысады деп үміттенемін. Одақпен ақылдастық, бірақ олар әзірге ештеңе айтқан жоқ», — деді Айдамиров.

Тағы оқыңыз
Агент: Самородовтың құны бір жылда бес есе өсуі таңғаларлық

Еске салайық, 2020 жылдың желтоқсанында АҚШ Қаржы министрлігі «Ахматты» Рамзан Қадыров пен Ахмат Қадыров қорымен байланысы үшін санкция тізіміне енгізген болатын.

26 шілдеде Самородов пен Кенжебес екеуі де «Ахмат» құрамында өткен матчта алаңға шықты — команда қонақта «Локомотивпен» 1:1 есебімен тең түсті.

Тағы оқыңыз

Самародов «Спартак» тарапынан қызығушылық туралы әңгімеге түсініктеме берді
Кенжібек ойнаған «Ахмат» Ресей кубогында пенальтиден жеңілді
Кенжебеков ойнайтын «Ахмат» «Факелмен» кездеседі
БӨЛІСУ:WhatsAppTelegram
Голды өткізіп алмаңыз — жедел жаңалықтар мен видео арналарымызда:
TelegramInstagram
Дереккөздер: sportilinet.kz