Матч 26 шілде 2026
«Елимай» мен «Қайсар» тең ойын өткізді
Қазақстан премьер-лигасының 19-турында өткен «Елимай» мен «Қайсар» кездесуі 1:1 есебімен аяқталды.
Бірінші таймның қосымша уақытында, 45+2-минутта, Ақмал Бахтияров есеп ашты.
70-минутта Роман Мұртазаев қызыл карточка көріп, «Елимай» қалған уақытты он адамдық құраммен ойнады. Осыны пайдаланған «Қайсар» 74-минутта Густаво Заго арқылы есепті теңестірді.
Жиынтығында «Елимай» 27 ұпаймен кестенің 6-орнында, ал «Қайсар» 20 ұпаймен 11-орында тұр.
Тағы оқыңыз
Дереккөздер: t.me


