Трансфер 26 шілде 2026
Де Зерби: «Тоттенхэмнің» трансфер терезесі әлі жабылған жоқ
Лондондық «Тоттенхэм» «Окленд» клубын 2:0 есебімен жеңгеннен кейін бас бапкер Роберто Де Зерби клубтың трансфер саясаты аяқталмағанын айтты.
«Біздің трансфер нарығымыз әлі жабылған жоқ. Терезе жабылғанда бұдан да көп қуанамыз деп ойлаймын, себебі клуб иесімен, басқарма мүшелерімен көп сөйлестім — олар осы маусымға өте күшті команда құрғысы келеді, әрі болашаққа негіз қалап, клубты қайта ұлы етуді көздейді», — деді Де Зерби.
Тағы оқыңыз
«Тоттенхэм» голсыз бастады, «Эвертон» жеңіліссіз келеді: Премьер-лигада қызық кездесу күтіледі
Еске сала кетейік, «Тоттенхэм» бұған дейін Энди Робертсонды, Маркос Сенесиді, Ян Пауль Ван Хекені, Сандро Тоналиді және Матеус Фернандесті сатып алған.
Тағы оқыңыз
Дереккөздер: www.skysports.com


