Трансфер 26 шілде 2026
«Челси» Никлас Джексонды «Астон Виллаға» сатпақ
Лондондық «Челси» шабуылшы Никлас Джексонды бирмингемдік «Астон Виллаға» ауыстыру жөнінде келіссөз жүргізіп жатыр.
«Астон Вилла» Джексонды Олли Уоткинстің орнына тартпақ. Уоткинсті өз сапына қосу үшін түріктің «Фенербахче» клубы белсенді әрекет етіп жатыр.
«Астон Вилланың» бас бапкері Унаи Эмери мен Джексон бұрын испандық «Вильярреалда» бірге жұмыс істеген. Сонымен қатар «Астон Вилла» бұған дейін «Челсиден» Алехандро Гарначоны жалға алған болатын.
Тағы оқыңыз
Джексон 65 миллион фунттық трансфердегі алғашқы голын соқты: «Астон Вилла» «Брюггеде» есеп ашты
Джексон командасымен бірге Азия мен Австралияға сапарға шықпады. Өткен жазда ол «Бавария» құрамына жалдау шартымен ауысқан, бірақ мюнхендіктер оны құрамда қалдырмауды жөн көрді.
Тағы оқыңыз
Дереккөздер: sportilinet.kz


