Трансфер 26 шілде 2026
«Челси» Никлас Джексонды «Астон Виллаға» сатпақ

Фото: официальный канал клуба
Лондондық «Челси» шабуылшы Никлас Джексонды бирмингемдік «Астон Виллаға» ауыстыру жөнінде келіссөз жүргізіп жатыр.
«Астон Вилла» Джексонды Олли Уоткинстің орнына тартпақ. Уоткинсті өз сапына қосу үшін түрік «Фенербахчесі» белсенді әрекет етіп жатыр.
«Астон Вилланың» бас бапкері Унаи Эмери мен Джексон бұрын испандық «Вильярреалда» бірге жұмыс істеген. Сонымен қатар «Астон Вилла» бұған дейін «Челсиден» Алехандро Гарначоны жалға алған болатын.
Джексон командасымен бірге Азия мен Аустралияға сапарға шықпады. Өткен жазда ол «Бавария» құрамына жалдау шартымен ауысқан, бірақ мюнхендіктер оны құрамда қалдырмауды жөн көрді.
Дереккөздер: sportilinet.kz