Трансфер 26 шілде 2026
«Бавария» директоры: Олисенің «Реалға» ауысуы туралы әңгіме жоқ
«Бавария Мюнхен» клубының спорттық директоры Кристоф Фройнд шеткі шабуылшы Майкл Олисенің мадридтік «Реалға» ауысуы туралы тараған әңгімелерді жоққа шығарды.
«Бұл біз үшін мүлдем өзекті тақырып емес», — деді Фройнд.
Оның айтуынша, Олисе демалыстан оралды және биылғы маусымда да клуб үшін маңызды рөл атқарады. «Майкл Олисенің демалыстан оралғанына қуаныштымыз. Ол өткен жылдағыдай бұл маусымда да «Баварияда» маңызды рөл атқарады», — деді директор.
Тағы оқыңыз
Германиялық Focus: Барколаның «Ливерпульге» ауысуы «Байернге» де әсер етті
Сонымен қатар белгілі болғандай, «Реал Мадрид» Ян Диоманде трансферімен айналысып жатыр, ал Винисиус Жуниорға лондондық «Арсенал» қызығушылық танытып отыр.
Тағы оқыңыз
Дереккөздер: www.skysports.com


