БАПКЕР.KZ
Футбол. Қазақша.
Telegram
← Басты бет
Жаңалық 25 шілде 2026

ҚФФ ТҚК бірнеше клубқа айыппұл салып, ойыншыларды жарыстан шеттетті

Қазақстан Футбол федерациясының Тәртіптік-құқықтық комитеті биылғы турлар бойынша бірнеше клуб пен ойыншыға қатысты шешім қабылдады.

«Ақтөбе» «Алтаймен» кездесуде бес сары карточка алғаны үшін 100 АЕК мөлшерінде айыппұл төлейді. Дәл сондай — 100 АЕК айыппұл «Қаспиге» де салынды: клуб ойыншылары «Қайсармен» матчта бес рет сары карточка көріп, бір ойыншысы алаңнан шығарылған.

«Қайсар» өз кезегінде жанкүйерлерінің тәртібі үшін жаза алды — олар «Қаспий» ойыншыларына бөтелке лақтырған.

«Оқжетпес» пен «Жетісу» екінші таймға үш минут кешігіп шыққаны үшін 60 АЕК айыппұл төледі. Сонымен қатар «Оқжетпеске» стадионда өрт сөндіру машинасы болмағаны үшін ескерту жасалды.

Жеке ойыншылар да жазасын алды: «Жетісудың» легионері Марко Зиванович дөрекі ойыны үшін екі матчқа ойнаудан шеттетілді. «Алтай» ойыншысы Аликбар Әбілхайыр Кубок жарысының жартылай финалында «Ордабасыға» қарсы кездесуде төрешілерге дөрекі сөз айтқаны үшін төрт матчқа дисквалификацияланды, жаза мерзімі 16 шілдеден бастап есептеледі.

Тағы оқыңыз

ҚПЛ алты клубқа айыппұл салды
«Челсиге» агенттік ережелерді бұзғаны үшін 10 миллион фунт айыппұл салынды
Сәтпаев «Челсиден» жалға беріледі: бірнеше клуб қызығушылық танытты
БӨЛІСУ:WhatsAppTelegram
Голды өткізіп алмаңыз — жедел жаңалықтар мен видео арналарымызда:
TelegramInstagram
Дереккөздер: t.me