Жаңалық 24 шілде 2026
Мареска: Гвардиоланың орнына келу — үлкен мәртебе
«Манчестер Сити» жаңа бас бапкері Энцо Маресканы ресми таныстырды. Ол Пеп Гвардиоланың орнына келді.
Бапкер баспасөз мәслихатында алдымен ізашарына деген құрметін жеткізді.
«Ең алдымен мұның үлкен мәртебе екенін айтуым керек. Мен Пепті соңғы 20-25 жылдағы әлемдегі ең үздік бапкер санаймын деп талай айттым. Дегенмен бұл — үлкен сын. Бұл жағымды әрі мәртебелі», — деді Мареска.
Тағы оқыңыз
Хусанов «Порто» кездесуінің негізгі құрамынан тыс қалды
Ол клубтың тұрақтылығына да тоқталды: «Меніңше, ұйымдастыру мәселесі — басты нәрсе. Оларда 17 жылда үш бапкер болды. Бұл қалыпты жағдай емес, жиі кездеспейді. Сондықтан осы бағытта үлкен жұмыс істей аламыз деп сенемін».
Еске салайық, Гвардиола өткен маусымның соңында қызметінен кетті. Ол «Манчестер Ситиде» 10 жыл жұмыс істеп, клубпен 20 трофей жеңіп алды. Маресканың бұған дейін «Челсини» басқарған тәжірибесі бар.
Тағы оқыңыз
Дереккөздер: www.skysports.com


