«Челси» Лакруаны «Кристал Пэлистен» сатып алуға келісті
Француз қорғаушы «Пэлис» құрамына 2024 жылы «Вольфсбургтен» ауысқан болатын. Осы уақыт ішінде ол клубпен бірге Англия кубогын және УЕФА Конференциялар лигасын жеңіп алды. Дереккөздердің мәліметінше, Лакруа өзінің трансферіне рұқсат берген.
«Челси» өз тарапынан «Пэлиске» Аксель Дисаси, Тревох Чалоба және Бенуа Бадиашиле секілді қорғаушылардың бірін таңдап алуды ұсынған. Екі клуб бұған дейін Чалоба мен Бен Чилуэлл трансферлері бойынша да келіссөз жүргізген еді.
«Пэлис» «Аугсбургтің» қорғаушысы Крислен Матсимаға назар аударып отырғанымен, қажет болса бұл мәмілеге бармауға дайын. Ал команда Марк Гехи қаңтарда «Манчестер Ситиге» сатылғаннан кейін қорғаушылар қатарын нығайтуды жоспарлап отыр.
«Пэлис» бас бапкері Оливер Гласнер Лакруа туралы бұрын былай деген еді: «Вольфсбургтен келген Лакруа бар. Көбі: „Мұны неге алдыңдар?“ деп сұрайтын. Бірақ ол өз деңгейін көрсетті», — деді ол.


