Жаңалық 23 шілде 2026
Викарио «Тоттенхэмнің» Жаңа Зеландия мен Австралияға баратын сапарлық құрамынан тыс қалды
Лондондық «Тоттенхэм» Жаңа Зеландия мен Австралияға жасайтын маусым алдындағы сапарға арналған құрамын жариялады. Тізімде 29 жастағы қақпашы Гульельмо Викарио жоқ.
Итальяндық қақпашы жаттығу барысында жеңіл жарақат алған. Дереккөздердің мәліметінше, Викарио осы жазда «Тоттенхэммен» қоштасуы мүмкін.
Сапарлық құрамда Лукас Бергвалльдің есімі бар, дегенмен жартылай қорғаушының өзі клубтан кетуге ниетті. Оған ноттингемдік «Форест» пен «Ньюкасл» қызығушылық танытып отыр.
Тағы оқыңыз
Викарио «Ювентус» туралы: «Бұл — менің үлкен арманым еді»
«Тоттенхэмнің» маусым алдындағы сапарға арналған жалпы құрамы 35 ойыншыдан тұрады.
Тағы оқыңыз
Дереккөздер: www.skysports.com


