Жаңалық 23 шілде 2026
«Омония» қорғаушысы «Қайратпен» кездесуден тыс қалады

Фото: ФК Қайрат (ресми TG)
УЕФА Чемпиондар лигасы іріктеу кезеңінің екінші раундында кипрлік «Омония» қорғаушысы Лоик Него алматылық «Қайратпен» өтетін жауап кездесуінде ойнай алмайды.
Него бірінші матчта тікелей қызыл карточка көріп, ойыннан шеттетілген болатын. Осы жазаға байланысты футболшы жауап кездесуіне жолдама ала алмайды.
Екі команда арасындағы тағдыр шешуші матч іріктеу кезеңінің екінші раундында өтеді.
Дереккөздер: www.sports.kz