Трансфер 23 шілде 2026
«Ньюкасл» Аладжи Бамбаны сатып алуға келісті
Ағылшынның «Ньюкасл Юнайтед» клубы монакалық жартықорғаушы Аладжи Бамбаның трансфері жөнінде келісімге қол жеткізді.
20 жастағы ойыншы үшін ағылшын клубы жалпы құны 35 миллион фунт стерлинг болатын мәмілеге келісті. Оның 31 миллионы кепілді төлем болса, қалған 4 миллионы қосымша шарттарға байланысты төленеді.
Келісімге сондай-ақ Бамбаның болашақ трансферінен пайыз алу шарты (sell-on clause) енгізілген.
Мәліметтерге сәйкес, футболшы медициналық тексеруден өту үшін Ньюкаслға жол тартқан. Келісімшарт мерзімі әзірге белгісіз.
Тағы оқыңыз
Дереккөздер: www.skysports.com


