Жаңалық 23 шілде 2026
«Манчестер Юнайтед» жартылай қорғаушы іздеп, үміткерлерді қарастырып отыр
Ағылшындық «Манчестер Юнайтед» кезекті трансфер ретінде римдік «Рома» ойыншысы Ману Коне мен брайтондық Карлос Балебаны қарастырып жатыр.
25 жастағы Коне — Франция құрамасының ойыншысы, жазғы әлем чемпионатында жақсы ойынымен көзге түскен болатын. Француз баспасөзінің мәліметінше, оны қатарына қосу жарысында «Манчестер Юнайтед» көш бастап тұр.
22 жастағы Балебаға «Манчестер Юнайтедтің» қызығушылығы бұрыннан белгілі, бұл жазда клуб бұл мәселеге қайта оралды. Дегенмен «Брайтонмен» ресми байланыс әлі орнатылмаған.
Тағы оқыңыз
«Рома» Куненің трансферіне 55 миллион еуро сұрайды
Ағылшын клубы екі ойыншыға қатысты да асығыс шешім қабылдамайды. Коне мен Балеба — «Манчестер Юнайтедтің» жартылай қорғаушы позициясына арналған ұзын тізіміндегі үміткерлердің бірі ғана.
Тағы оқыңыз
Дереккөздер: www.skysports.com


