Жаңалық 23 шілде 2026
«Лидс Юнайтед» «Манчестер Ситимен» Траффорд трансферін талқылап жатыр
«Лидс Юнайтед» ағылшын құрамасының қақпашысы Джеймс Траффордты «Манчестер Ситиден» алу мәселесін талқылап жатыр. Оны алуға ниет білдірген клубтар арасында «Лидс» мақсатына ең жақын тұр.
23 жастағы Траффорд — Англия құрамасының қақпашысы. Ол 2025/26 маусымында «Манчестер Сити» сапында 17 матч өткізіп, оның сегізінде қақпасын таза сақтап қалды. Қақпашы «Манчестер Ситиге» «Бернли» құрамасынан ауысқан болатын.
Траффорд 2026 жылғы әлем чемпионатына Англия құрамасының сапында барғанымен, Томас Тухельдің қарамағында бірде-бір матчта алаңға шықпады.
Тағы оқыңыз
Мареска: Трафорд әзірге біздің қақпашыларымыздың бірі
Оған «Ньюкасл Юнайтед» пен «Астон Вилла» да қызығушылық танытқан, алайда қазір осы бәсекеде «Лидс» ең алда келеді.
Еске салайық, «Манчестер Юнайтед» бұл жазда Карл Дарлоуды, ал «Арсенал» Иллан Меслиені өз құрамына қосты.
Тағы оқыңыз
Дереккөздер: www.skysports.com


