Жаңалық 23 шілде 2026
«Кристал Пэлас» қорғаушылар нарығында белсенді жұмыс істеп отыр
Лондондық «Кристал Пэлас» «Аугсбург» қорғаушысы Крислен Матсиманы сатып алу жөнінде келіссөздерді пысықтап отыр.
Клубтың мұндай қадамға баруы қорғаныс желісіндегі шығынға байланысты болуы мүмкін. Қаңтар айында команда капитаны Марк Гехи «Кристал Пэластан» кеткен еді.
Сонымен қатар, лондондық «Челси» «Кристал Пэлас» сапындағы Франция құрамасының қорғаушысы Максанс Лакруаны сатып алу үшін келіссөз жүргізіп отыр.
Тағы оқыңыз
«Кристал Пэлас» Матсима трансфері жөніндегі келіссөзді тоқтатты
Бұл ретте «Кристал Пэлас» өз тарапынан «Челси» қорғаушысы Аксель Дисасиді сатып алу шарттарын қарастырып отыр. «Челси» Дисасидің кетуіне қарсы емес, әрі клуб оны толық трансфер негізінде сатқанды жөн көреді.
Матсима, Лакруа және Дисасиге қатысты трансферлердің қорытындысы әзірге белгісіз.
Тағы оқыңыз
Дереккөздер: www.skysports.com


