Жаңалық 23 шілде 2026
Ирназарова қозғалмалы нысанаға ату бойынша әлем чемпионы атанды

Фото: faithformationhsfv.org
Таллинде өтіп жатқан әлем чемпионатында қазақстандық Фатима Ирназарова 10 метрден қозғалмалы нысанаға ату бойынша әлем чемпионы атанды.
Финалда Фатима Ирназарова украиналық Виктория Рыбовалованы жеңіп, чемпион атанды. Ал оның егіз апа-сіңлісі Зухра Ирназарова осы жарыста қола жүлдені еншіледі.
Егіздердің екеуі де 21 жаста. Олар 2023 жылы командалық жарыста да әлем чемпионы атанған болатын.
Фатима Ирназарова Александра Садуақасовадан кейін ересектер арасында әлем чемпионы атанған қазақстандық екінші спортшы болды.
Атап өтетін жайт, қозғалмалы нысанаға ату олимпиада бағдарламасына кірмейді.
Дереккөздер: sportilinet.kz