БАПКЕР.KZ
Футбол. Қазақша.
Telegram
← Басты бет
Жаңалық 22 шілде 2026

Қазақстандық Уалат Мұсаев әлем чемпионы атанды

Эстонияның Таллин қаласында өтіп жатқан қозғалмалы мишень бойынша әлем чемпионатында қазақстандық Уалат Мұсаев алтын жүлдеге ие болды.

Жасөспірімдер арасындағы жарыста Мұсаев 10 метрлік қашықтықтан қозғалмалы мишеньге ату жарысында (аралас жаттығу) топ бастады.

Күміс жүлдені Оңтүстік Кореяның өкілі Чэ Хён Бэ иеленсе, қола медаль Финляндия спортшысы Уильям Эрик Вилкманға бұйырды.

Сонымен қатар Қазақстан құрамасы осы әлем чемпионатында тағы бір күміс медаль жеңіп алды. Жарыс 26 шілдеде аяқталады.

Дереккөздер: t.me