Жаңалық 23 шілде 2026
Бүгінгі теледидар бағдарламасында — «Қайрат» пен «Тобылдың» ойындары
Бүгінгі спорттық хабарлар кестесінде әлем чемпионатының үздік сәттерінен бастап қазақстандық клубтардың еуропалық сапарларына дейінгі бағдарламалар қамтылған.
Күн 07:05-те ӘЧ-2026 хабарының үздік сәттерімен ашылады. Артынша, 07:25-те УЕФА Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңіндегі кипрлік «Омония» мен алматылық «Қайрат» арасындағы кездесу көрсетіледі.
Күндіз Қазақстан Республикасының теннистен чемпионаты эфирге шығады — бағдарлама 10:00, 12:00, 14:00, 16:00 және 18:00-де жоспарланған.
Кешке қарай, 20:20-да, УЕФА Конференциялар лигасының іріктеу кезеңінде литвалық «Паневежис» пен қостанайлық «Тобыл» арасындағы матч көрсетіледі.
Тағы оқыңыз
Дереккөздер: t.me


