Жаңалық 23 шілде 2026
Браунхилл «Аль-Шабабта» қалуды жөн көрді
Сауд Арабиясының кәсіби лигасында өнер көрсетіп жүрген жартылай қорғаушы Джош Браунхилл «Неом» клубының ұсынысынан бас тартты.
Бұрын «Бернли» сапында ойнаған 30 жастағы ағылшын футболшысы өткен маусымда клубтың Премьер-лигаға шыққанына қарамастан, жаңа келісімшартқа қол қоймаған еді.
«Неомның» бас бапкері, бұрын ПСЖ-ны басқарған Кристоф Гальтье Браунхиллмен және оның агентімен трансфер туралы келіссөз жүргізген. Дегенмен «Аль-Шабабтың» жаңа бас бапкері Томас Летчпен сөйлескеннен кейін жартылай қорғаушы клубта қалуға бел буды.
Браунхиллге Англияға оралу жөнінде де ұсыныстар түскен. Алайда ол Сауд Арабиясындағы екінші маусымын асыға күтіп отырғанын жеткізді.
Тағы оқыңыз
Дереккөздер: www.skysports.com


