Жаңалық 22 шілде 2026
«Қайрат» Никосияда «Омонияға» қарсы шығады

Фото: ФК Қайрат (ресми TG)
Чемпиондар лигасының екінші іріктеу кезеңінің бірінші матчында «Қайрат» кипрлік «Омониямен» сынға түседі.
Кездесу Никосиядағы ГСП стадионында өтеді. Матч кипр уақытымен 20:00-де, қазақстандық уақыт бойынша 22:00-де басталады. Ойын кезінде ауа температурасы +34 градусқа жетуі мүмкін.
Бас төреші қызметін португалиялық Густаву Коррейа атқарады.
Матчты QAZSPORT арнасынан тамашалауға болады, сондай-ақ онлайн-трансляция Freedom SuperApp қосымшасында қолжетімді болады.
Дереккөздер: t.me