Жаңалық 22 шілде 2026
Андрей Мартин маусымның үздік бапкері атанды

Фото: Sportarena.kz (TG)
Шымкенттік «Ордабасының» бас бапкері Андрей Мартин маусым айының қорытындысы бойынша Қазақстан премьер-лигасының үздік бапкері атанды. Бұл туралы ҚФФ Лигасы хабарлады.
Маусым айында «Ордабасы» үш кездесу өткізіп, барлығында жеңіске жетті. Шымкенттіктер қонақта «Елимайды» 3:1 есебімен, өз алаңында «Каспийді» 2:0 есебімен жеңсе, «Ұлытаудан» қонақта 1:0 есебімен үстем түсті.
Осы нәтижелердің арқасында Мартин лиганың айдың үздік бапкері атанды.
Дереккөздер: t.me