Трансфер 22 шілде 2026
«Челси» клубтық рекорд жаңартып, Морган Роджерсті сатып алды
Лондондық «Челси» бирмингемдік «Астон Виллаға» ағылшын құрамасының ойыншысы Морган Роджерсті трансферлеп алды. 117 миллион фунт стерлингке бағаланған бұл мәміле клубтың тарихындағы ең қымбат трансфері болды.
23 жастағы шабуылшы жартылай қорғаушы «Челсимен» 2033 жылға дейін келісімшартқа қол қойды. Роджерс бұған дейін «Астон Вилла» құрамында Конференция лигасының чемпионы атанған болатын.
Тағы оқыңыз
Морган Роджерс «Арсеналға» қарсы матчты 2 минутта ашты
Сонымен қатар «Челсидің» құрамынан аргентиналық Алехандро Гарначо кетуге жақын. Ол клубтың маусым алдындағы дайындық жиынына келмеді. Дереккөздердің айтуынша, футболшы «Астон Виллаға» жалдау шартымен ауысады, келісімде міндетті сатып алу тармағы бар. Өткен маусымда Гарначо 24 матч өткізіп, бір гол соғып, төрт нәтижелі пас берген.
Тағы оқыңыз
Дереккөздер: sportilinet.kz


