Трансфер 20 шілде 2026
Никола Бурич «Астана» құрамына қосылды
«Астана» футбол клубы хорват шабуылшысы Никола Буричпен келісімшартқа қол қойды.
29 жастағы хорват – загребтік «Динамо» академиясының түлегі. Ол хорваттық «Рудеш», словениялық «Домжале» мен «Копер», италиялық «Новара» және «Леньяго Салус» клубтарында ойнаған.
Өткен маусымда Бурич албандық «Эгнатия» сапында өнер көрсетті. Онда ол 33 матчта алаңға шығып, 6 гол соққан.
Енді хорват шабуылшысы «Астанада» бақ сынайды.


