Жаңалық 19 шілде 2026
Мбаппе — әлем чемпионаттары тарихындағы ең нәтижелі бомбардир
Килиан Мбаппе Франция мен Англия арасындағы қола жүлде матчында әлем чемпионаттары тарихындағы 22-голын соғып, осы көрсеткіш бойынша рекордшы атанды.
Француз шабуылшысы бұл голды әлем чемпионаттарындағы 22-матчында соқты. Осылайша Мбаппе турнир тарихындағы ең нәтижелі футболшы атанды.
Лионель Мессидің әлі бір матчы артық қалғанын ескерсек, аргентиналық жұлдыздың Мбаппенің рекордын жаңарту мүмкіндігі бар.
Тағы оқыңыз
«Реал»: Мбаппе тізесінен жарақат алды, «Класикоға» дейін жазылады
Франция мен Англия арасындағы бұл кездесу әлем чемпионатының үшінші орны үшін өтіп жатыр. Матч Қазақстанда «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналары арқылы көрсетіледі.


