«Челси» Морган Роджерс үшін рекордтық сома төледі
23 жастағы Роджерс «Челсимен» алты жылдық келісімшартқа қол қойды. Футболшы дүйсенбіде медициналық тексеруден өтуге тиіс. Атап өткен жөн, «Астон Вилла» бұған дейін ойыншыны небәрі 15 миллион фунтқа сатып алған еді.
Бұл трансфер жүзеге асқан жағдайда Роджерс тарихтағы ең қымбат ағылшын футболшысы болады. Оған осы айда «Арсенал» да қызығушылық танытып, «Виллаға» хабарласқаны белгілі болды.
Басқа трансферлік қозғалыстарға тоқталсақ, «Тоттенхэм» «Манчестер Ситидің» шабуылшысы Савиньоны тартуға үміттенеді. «Реал Мадрид» болса Родригеге деген қызығушылығын азайтқан. Ал итальяндық «Милан» «Манчестер Ситидің» ойыншысы Фил Фоденді бақылап отыр.
«Вест Хэмнің» жартылай қорғаушысы Джаррод Боуэн клубтың Чемпионшипке түскеніне қарамастан, командада қалуға ниетті екенін мәлімдеді.
«Клуб ретінде дұрыс бағытта келе жатқанымызды сезінемін. Осы клубты Премьер-лигаға қайтару маған үлкен бақыт сыйлайды», — деді Боуэн.
Тәртіптік мәселелер бойынша да жаңалық бар: Фоларин Балогунға қолданылған тыйым 12 айға тоқтатылды. Дональд Трамптың ФИФА президенті Джанни Инфантиномен осы мәселе бойынша сөйлескені белгілі болды. Осыған байланысты FairSquare ұйымы Инфантиноның саяси бейтараптықты бұзғаны туралы Халықаралық олимпиада комитетіне шағым түсірді. Инфантиноның осы шағым бойынша жазаланатыны әзірге белгісіз.


