Жаңалық 18 шілде 2026
«Ордабасы» президенті: Жасұлан Әмірге «Балтика» мен «Башакшехирден» ұсыныс түсті
«Ордабасы» президенті Дархан Қызайбаев 19 жастағы шабуылшы Жасұлан Әмірге ресейлік «Балтика» мен стамбулдық «Башакшехир» клубтарынан нақты ұсыныс түскенін мәлімдеді.
Қызайбаевтың айтуынша, клуб ойыншы мен команданың мүддесіне сай ұсыныс түскенде ғана трансферге келіседі. «Жасұлан бізге чемпион болуға көмектессін дейміз, ал келесі жылы чемпион атанып, Чемпиондар лигасында ойнасақ, шешімді ойыншының өзі қабылдайды», — деді ол.
Жасұлан Әмір ағымдағы маусымда ҚПЛ-да 17 матч өткізіп, 7 гол соғып, 2 нәтижелі бере пас берген. «Ордабасы» 17 турдан кейін 40 ұпаймен көш бастап тұр.
Тағы оқыңыз
Қызайбаев: Жасұлан Әмірді АПЛ-да немесе Испанияда көргіміз келеді
Әмір осы маусымда Армения мен Венгрия құрамаларына қарсы жолдастық кездесулерде Қазақстанның ересектер құрамасында дебют жасады. Трансфер сомасы әлі жарияланған жоқ.


