Жаңалық 19 шілде 2026
Дастан Сәтпаев «Челси» құрамында тұңғыш рет алаңға шықты
Қазақстандық шабуылшы Дастан Сәтпаев лондондық «Челси» құрамында алғашқы матчын өткізді — жолдастық кездесу төртінші дивизион өкілі «Кроули Таунмен» болды.
Кездесу «Челсидің» Кобхэмдегі базасында жабық режимде, трансляциясыз өтті. Матч «Челсидің» пайдасына 3:1 есебімен аяқталды. Голдарды Лиам Делап, Эммануэль Эмега және Джейми Гиттенс соқты.
Сәтпаев кездесуді қосалқы құрамда бастап, екінші таймда алаңға шықты. Оның қанша минут ойнағаны әлі нақтыланбаған.
Тағы оқыңыз
Олд Траффордта гонконгтық блогер Сәтпаевпен суретке түсті
Еске салайық, жас шабуылшы «Челсиге» алматылық «Қайраттан» ауысқан болатын.


