Жаңалық 18 шілде 2026
«Челси» жаңа маусымға дайындықты жалғастырып отыр: Роджерс келді, Сәтпаев дебют жасады
Лондондық «Челси» «Астон Виллаға» Морган Роджерсті сатып алды, ал қазақстандық Дастан Сәтпаев клуб құрамында алғашқы матчын өткізді.
Ағылшын БАҚ мәліметінше, Роджерстің трансферіне «Челси» 117 миллион фунт жұмсаған, келісімшарт 6+1 жыл мерзімге жасалған.
Сонымен қатар «Челси» Кобхэмдегі жаттығу базасында жабық режимде «Кроли Таунмен» жолдастық кездесу өткізіп, 3:1 есебімен жеңіске жетті. Голдарды Лиам Делап, Эммануэль Эмега және Джейми Гиттенс соқты. Дастан Сәтпаев кездесудің екінші таймында алаңға шықты.
Тағы оқыңыз
Морган Роджерс «Арсеналға» қарсы матчты 2 минутта ашты
«Дастан Сәтпаев бірінші таймнан кейін ойынға қосылды», — деп жазды журналист Киран Гилл.
«Челси» 23 шілдеде «Бромлимен» кездеседі, содан кейін 24 шілдеде Австралия мен Азияға сапарға шығады. Клуб бұл турда «Уэстерн Сидни» (28 шілде), «Тоттенхэм» (1 тамыз), «Ювентус» (5 тамыз), «Милан» (8 тамыз) және «Джохор Дарул Такзим» (9 тамыз) командаларымен жолдастық матч өткізеді.


