Аргентина финалда, Тухель жеңілістің себебін түсіндірді
Кездесудің шешуші голын ағылшындар матчтың соңында жіберіп алды. Англия құрамасының бас бапкері Томас Тухель матчтан кейін команда ойынына тоқталды.
«Мұны миллион бапкермен талқылауға болады, бірақ шешімді алаңда мен қабылдауым керек. Матчты талдадым, белгілі бір тәсілмен ойнағанымызды мойындаймын, бұл — менің жауапкершілігім. Ол сәтте мен ешнәрсеге өкінгенім жоқ», — деді ол.
«Команда бар күшін салды, біз жеңіске өте-өте жақын болдық. Есепте алда болуға лайық едік, жалпы алғанда, осы жағдайда, мүмкін, ең үздік матчымызды өткіздік», — деп қосты Тухель.
Бапкердің айтуынша, команда бүкіл матч бойы қайсарлық танытты. «Меніңше, біз бүкіл матч бойы өз көзқарасымызды көрсеттік және ұжымымыздың мықты екенін дәлелдедік. Қазір бүкіл турнирге талдау жасайтын кез емес, біз жай ғана шешуші матчта ұтылып, жарыстан шығып қалдық», — деді ол.
Англия құрамасы үшінші орын үшін Франциямен кездеседі. Аргентина финалда Испаниямен ойнайды.


