ӘЧ-2026 финалы: Аргентина мен Испания сынға түседі
«Испания финалға тегін шыққан жоқ. Олардың мықты бапкері мен командасы бар, құрамада жалғыз Ямаль ғана емес. Көрермендердің есінде бұл матч ұзақ сақталады деп үміттенемін», — деді Мартинес.
Испания бапкері Луис де ла Фуэнте Лионель Мессиге қатысты қызық естелігімен бөлісті. «Севильяның» жасөспірімдер құрамасында бір ойыншыны Лионельдің қасына қойып, кейін ауыстырғанмын. Сол ойыншы бізге төрт гол соғып салды», — деді ол.
Испаниялық жартылай қорғаушы Родри құрамаластары Ламин Ямальдың Франция құрамасына қарсы ойынын ерекше атап өтті. «Ямаль Франция матчында ең жақсы ойынын көрсетті. Ең бастысы — оның доптан тыс жұмысы, ол қорғаныста командаға қашан керек екенін түсінеді», — деді Родри.
Испания қорғаушыларының финалда Мессиге дербес қадағалау қоятыны әлі белгісіз.


