Жаңалық 17 шілде 2026
«Ла Масияның» тоғыз түлегі 2026 жылғы әлем чемпионатының финалында кездеседі
ӘЧ-2026 финалында Аргентина мен Испания құрамалары кездеседі, ал екі команда сапында «Барселонаның» атақты «Ла Масия» академиясының тоғыз түлегі ойнайды.
Финалда бетпе-бет келетін Лионель Месси мен Ламин Ямал да «Ла Масияда» тәрбиеленген. Месси Аргентина, ал Ямал Испания құрамасының түсінде доп қуады.
Ламин Ямал биыл «Алтын доптың» күміс сыйлығын иеленген болатын. Ал жалпы алғанда, «Ла Масия» академиясының түлектері ерлер мен әйелдер футболында 13 «Алтын доп» жүлдесін жеңіп алған. Оның сегізі — Месси есебінен, ал Айтана Бонмати мен Алексия Путельяс тиісінше үш және екі мәрте осы жүлдені қанжығасына байлаған.
Тағы оқыңыз
Месси мен Левандовски қатысқан матч тең аяқталды
«Алтын доп» сыйлығын 1956 жылдан бері France Football басылымы тапсырып келеді. Әлем чемпионатының финалынан кейін Месси немесе Ямал жаңа «Алтын допты» жеңіп ала ма — бұл сұрақ әзірге ашық.
Тағы оқыңыз
Дереккөздер: www.mundodeportivo.com


