Жаңалық 17 шілде 2026
«Ла Масияның» тоғыз түлегі 2026 жылғы әлем чемпионаты финалында кездеседі

Фото: Bryan Berlin / Wikimedia Commons (CC BY-SA 4.0)
ФИФА-2026 әлем чемпионатының финалында Аргентина мен Испания құрамалары кездеседі, ал екі команда сапында «Барселонаның» атақты «Ла Масия» академиясының тоғыз түлегі ойнайды.
Финалда бетпе-бет келетін Лионель Месси мен Ламин Ямал да «Ла Масияда» тәрбиеленген. Месси Аргентина, ал Ямал Испания түсінен доп қуады.
Ламин Ямал биыл «Алтын доптың» күміс сыйлығын иеленген болатын. Ал жалпы алғанда, «Ла Масия» академиясының түлектері ерлер мен әйелдер футболында 13 «Алтын доп» жүлдесін жеңіп алған. Оның сегізі — Месси есебінен, ал Айтана Бонмати мен Алексия Путельяс тиісінше үш және екі мәрте осы жүлдені қанжығасына байлаған.
Алтын доп» сыйлығын 1956 жылдан бері France Football басылымы тапсырып келеді. Әлем чемпионатының финалынан кейін Месси немесе Ямал жаңа «Алтын допты» жеңіп алады ма — бұл сұрақ әзірге ашық қалып отыр.
Дереккөздер: www.mundodeportivo.com