БАПКЕР.KZ
Футбол. Қазақша.
Telegram
← Басты бет
Жаңалық 18 шілде 2026

Дастан Сәтпаев «Челсидің» бас құрамымен жазғы жиынға қосылды

Қазақстандық 17 жастағы шабуылшы Дастан Сәтпаев лондондық «Челсидің» бас құрамымен маусым алдындағы жиынға қосылды.

Футболшы ағылшын клубына алматылық «Қайраттан» осы жылдың жазында шамамен 4 млн еуроға ауысқан болатын.

Сәтпаев Қазақстан құрамасында 16 жасында дебют жасап, кейін 17 жасында ел құрамасының тарихындағы ең жас гол авторы атанды.

3 млн жазылушысы бар Rising Ballers Инстаграм-аккаунты жас қазақстандықты «батыс Лондон клубына келген тағы бір нағыз үлкен талант» деп сипаттады.

Дереккөздер: www.sports.ru · sportilinet.kz