БАПКЕР.KZ
Футбол. Қазақша.
Telegram
← Басты бет
Жаңалық 16 шілде 2026

«Барселона» тарихындағы бірінші қазақ — 14 жастағы Кәрім Мендиканов клубпен келісімге келді

Испанияның «Барселона» клубы 14 жастағы қазақстандық жартылай қорғаушы Кәрім Мендикановпен келісімшартқа қол қойды. Ол «Барселона» тарихындағы алғашқы қазақ ойыншы атанды.

Мендиканов 2011 жылғы 10 қарашада Қазақстанда дүниеге келген. Ол 2022 жылдан бері каталондық Сердана және Сант-Кугат клубтарында ойнап келді.

«Өмірімнің клубымен келісімшартқа қол қойғаныма өте мақтанамын», — деді жас ойыншы.

Осы трансферлік терезеде «Барселона» құрамын марокколық жартылай қорғаушы Махди Эль Маймунимен де толықтырды. Ол бельгиялық «Шарлеруадан» ауысты. 2009 жылы туған футболшы келешекте Бельгия немесе Марокко құрамасын таңдай алады.