Жаңалық 16 шілде 2026
«Астана» Еуропа кубоктарынан шығып қалды
«Астана» футбол клубы Конференциялар лигасының бірінші іріктеу кезеңінде албандық «Динамо Ситиге» ұтылып, турниртен шықты.
Бірінші кездесуде қазақстандық клуб 4:2 есебімен жеңіске жетті. Алайда жауап сапарында «Астана» 1:4 есебімен ұтылды.
Екі кездесудің қорытындысы бойынша «Динамо Сити» әлдеқайда нәтижелі болды, сөйтіп «Астана» Еуропа кубоктарымен қоштасты.


