Сұхбат 26 шілде 2026
Сиднейде қазақстандық жанкүйерлер Дастан Сәтпаевты қолдады

Фото: sports.kz
«Челсидің» Австралиядағы дайындық сапары аясында Сиднейде өткен ашық жаттығуда қазақстандық жанкүйерлер Дастан Сәтпаевты қолдап шықты.
Британдық журналист Низар Кинселла жанкүйерлердің қолдауына назар аударды.
«Мұнда Сәтпаевты қолдауға келген қазақстандық жанкүйерлер көп. Ол қазірдің өзінде үлкен тұлғаға айналды», — деді Кинселла.
Еске салайық, Сәтпаев — «Челси» сапындағы жас қазақстандық футболшы.
Дереккөздер: t.me