Трансфер 23 шілде 2026
«Суонси» Жаңа Зеландия құрамасының ойыншысын сатып алды

Фото: static.vecteezy.com
Уэльстік «Суонси» шотландиялық «Мазервелдан» Жаңа Зеландия құрамасының ойыншысы Элайджа Джастты сатып алды.
Трансфер сомасы қосымша шарттармен қоса 6 миллион фунт стерлингті құрады. Джаст «Суонсимен» үш жылдық келісімшартқа қол қойды.
«Суонсидің» бас бапкері Витор Матос жаңа легионердің қосылғанына қуанышты екенін жеткізді.
«Элайджаны командаға қосқанымызға өте қуаныштымыз. Ол бірнеше позицияда ойнай алады, оның осы әмбебаптығы құрамға өте қажет. Ол біздің рекрутинг үдерісінің барлық кезеңінде жақсы көрсеткіш танытып, әлем чемпионатында керемет ойнағаннан кейін бізге келіп қосылды», — деді Матос.
Мазервелл — Шотландия премьершипінің клубы.
Дереккөздер: www.skysports.com