БАПКЕР.KZ
Футбол. Қазақша.
Telegram
← Басты бет
Трансфер 21 шілде 2026

Зейн Окоро жалға «Транмирге» ауысты

19 жастағы америкалық шабуылшы Зейн Окоро жаңа маусымда «Транмир Роверске» жалға берілді.

Бұған дейін «Линкольн Сити» клубымен 2029 жылға дейінгі мерзімге жаңа келісімшартқа отырған футболшы осы мезгілге дейін негізгі құрамда жеті кездесу өткізген.

Окоро — «Линкольн Сити» академиясының түлегі. Өткен маусымда ол жалдау тәртібімен «Колрейн» құрамында ойнаған болатын.

Енді жас шабуылшы тәжірибе жинау үшін «Транмир» сапында өнер көрсетеді.

Дереккөздер: www.skysports.com